EN
RU
KZ
МУЛЬТИМЕДИА
БАЙЛАНЫСТАР
ЖАРИЯЛАНЫМДАР
АСТАНА КЛУБ ТУРАЛЫ
ЕУРАЗИЯ ҮШІН ЖАҺЫНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕР
ASTANA CLUB
KZ
АСТАНА КЛУБ ТУРАЛЫ
АСТАНА КЛУБ ТУРАЛЫ
Astana Club өзінің бесінші отырысына дайындалуда. Әлемнің 50 үздік саясаткерлерінің, сарапшылар мен дипломаттарының кезекті кездесуін 2019 жылдың 11-12 қарашасында өткізу жоспарланып отыр.

Іс – шараны дәстүрлі түрде Әлемдік экономика және саясат институты мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры ұйымдастырады.
Іс – шараны дәстүрлі түрде Әлемдік экономика және саясат институты мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры ұйымдастырады.
Отырыс барысында қауіпсіздік саласындағы өзекті мəселелер, сондай-ақ Үлкен Еуразияның жаңадан қалыптасу үрдісіндегі геосаяси жəне геоэкономикалық жағдайының стратегиялық болашағы талқыланады.
Бес сессия шеңберінде клуб қатысушылары мегаконтинентті дамытудағы аса өткір проблемалы трендтерді талқылайды, өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін айқындап, жақын болашақтың сценарийлерін белгілейді.
Тұжырымдамалық тұрғыда барлық пікірталастар "Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымы жолында" атты басты тақырып айналасын қамтиды. Бұған дейін қалыптасқан ережелер мен институттардың құлдырауы жағдайында әлемдік тәртіптің жаңа көрінісін айқындау өте маңызды. Ал көз алдымызда өзара байланысқан жəне бірегей өңірге айналып келе жатқан Еуразия мегаконтиненті осы жаңа əлемдік тəртіптің орталығына айналуы тиіс.
Қатысушылар мен қалың жұртшылықтың назарына Әлемдік экономика және саясат институты авторы болып табылатын "2020 жылғы Еуразияның 10 басты тәуекелі" рейтингісінің екінші басылымы ұсынылады.

Өткен жылғы тәуекелдер рейтингісінің бірінші шығарылымында ұсынылған форсайт-сараптама іс жүзінде сарапшылар мен БАҚ арасында өзінің жоғары сұранысқа ие екенін көрсетті. ӘЭСИ Клубтың кезекті отырысына жаңа жарияланым дайындауда. Сараптамалық өнім әлемнің 30-дан астам жетекші сарапшыларының қолдауымен ӘЭСИ зерттеулерінің нәтижесі болып табылады.

Бүгін 2015 жылы құрылған Astana Club өз жұмысының аз уақыт ішінде жаһандық платформаға айналғанын сенімді түрде айтуға болады. Қазақстандық алаңның қызметіне халықаралық қызығушылықтың пайда болуы бұл алаңның шын мәнінде қазіргі заманның аса күрделі және өткір мәселелерін шешуде жалпы тәсілдерді әзірлеу үшін Еуразияның барлық негізгі стейкхолдерлерін біріктіре алғанымен байланысты.
Қазақстан өзара қарсыластар мен бәсекелестерді қоса алғанда, халықаралық қатынастардың барлық қатысушылары үшін ашық диалог орнатуға тәуелсіз және бейтарап алаңы болып табылатынын тағы да растап отыр. Осы орайда, Astana Club Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының жарқын көрінісі болып табылады.
Made on
Tilda